Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр

Абай облысында оқушылар фикус өсімдігін табиғи жолмен көбейтіп жүр

14.05.2024 06:27 Культура

Қазір оқушылар фикус қалемшелерін суда әр түрлі стимуляторлар және табиғи бал арқылы тамырландырып, өсімдік түрлерін көбейтіп отыр.

Қазір оқушылар фикус қалемшелерін суда әр түрлі стимуляторлар және табиғи бал арқылы тамырландырып, өсімдік түрлерін көбейтіп отыр. Бүгінге дейін 500-ден аса өсімдік өсіріп шығарған.

«Фикус біздің климаттық белдеуде өспейтін болғандықтан бағалы өсімдік қатарына жатады. Әр түрлі ғимараттарда декоративті мақсатта өсіруге болады. Сол үшін де біз өз ауылымызда осы өсімтік түрлеріне климаттық жағдай жасап, өсіріп жүрміз»,-дейді оқушылар.

Оқушылар өздері оқитын мектеп ғимаратында фикустың сегіз түрінен өсімдік өсірген, сондай-ақ басқа да тропикалық өсімдіктерді де табиғи жолмен көбейтіп отыр. Бұған дейін Абай ауданында лимон, мандарин, банан, жүзімді жылыжайда өсіріп, жемістерін алған.

Сондай-ақ болашақта фикустан каучук алуға болады дейді жас биологтар.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі