Астанада үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

21.09.2023 16:12 Общество

Астанада көпқабатты үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

Астана қаласы Полиция департаменті хабарлағандай, 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген", — делінген полиция мәлімдемесінде.

Қазіргі күні болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ресми ақпаратты ұстануды сұрады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.