“Бас Прокуратурада қазақ тілін білмейтін орындаушылар отырғанда халықтың құқығы тапталғаны-тапталған” - Айгүл Орынбек

19.02.2024 16:15 Общество

Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желі арқылы жан айқайын жеткізді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өз тілімде жан айқайымды жеткізе алмай, қор болған құқығым-ай!

Бас Прокуратурада қазақ тілін білмейтін орындаушылар отырғанда халықтың құқығы тапталғаны-тапталған!

Жазған арызыңды түсінбей, төменге қарай лақтырып жіберетіндер орындарынан кетпей Әділетті Қазақтанның ауылы алыс", — деп жазды заңгер.