| Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдың Астана – Щучинск бөлігі барлық көлік түрі үшін жабылды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірде бұрқасын, жол көрінбейді.
14 қаңтар сағат 04:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, екпінді жел, бұрқасын, көрінудің шектелуі 50 м) республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолының (18-234 шақырымы) Астана-Шучье учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық, — делінген хабарламада.