"Қош Несағам": Белгілі ақын Несіпбек Айтұлы дүниеден озды

"Қош Несағам": Белгілі ақын Несіпбек Айтұлы дүниеден озды

16.10.2023 16:15 Происшествия

Белгілі ақын, қазақ поэзиясының майталманы Несіпбек Айтұлы дүниеден озды.

Қаралы хабарды ақын Дәулеткерей Кәпұлы жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақын қаралы хабарды өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

Онда ол: "Қош, Несағам! Қазақ поэзиясының бәйтерегі құлады" деп жазды.

Қаралы хабарды естігенде марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтуда. "Сізбен бірге бір дәуір кетіп барады, жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын", "Иманды болыңыз" деп жазды олар.