Президент Қазақстан атынан тәжік халқына автобус сыйға тартты

15.09.2023 05:12 Спорт

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын сыйға тартты.

Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан атынан тәжік халқына сыйға тартқан оқушылар автобусының фотосын жариялады.

Сурет: akorda