Сәуле Әбілдаханқызы: “АҚШ, Еуропа елдерінің мыңжылдық мақсаты - Қазақстанның сорына тышу”

Сәуле Әбілдаханқызы: “АҚШ, Еуропа елдерінің мыңжылдық мақсаты - Қазақстанның сорына тышу”

19.01.2024 16:07 Спорт

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ЛГБТ ұйымының насихатталуына қарсы шықты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түрлі-түстілердің" (голубой-көгілдірлер, розовый-қызғылттар, гейлер, транстар дей ме, құрысын, түрі көп екен ғой), қазіргі тілмен айтқанда лгбт-лардың балаларға арналған сайты ашылыпты. Әлемжеліде олардың бұған дейін де жасырын парақшалары, әртүрлі топтары болғаны анық. Енді мынаусы ресми болар.

Қайбір жылдары "синий кит" пе, бірдеңе деген сайт болған, сол сайтқа кіретін жастардың дені өз-өзіне қол жұмсауы белең алған еді. Енді мынау да жастарды азғындыққа жеткізетін тажал болмақ...

Жалпы, бұл азғындарға қатаң заңмен тыйым салмаса, бұлар да күннен-күнге көбейіп, тайраңдап, құтырып барады. Өздерінікін дұрыс деген пікір қалыптастырғысы келеді. "Олардың жеке шаруасы" деген пікір қалыптасып та үлгерген. Өз үйінде, өз арам төсегінде итпен жатса да, мысықпен жатса да — өз шаруасы. Маған десе динозаврмен жатсын.

Ал енді қоғамға, ұлт ұрпағына, мемлекет болашағына зияны тиетін бұл малдар қоғамдық орындарда етек жайып, өз ақпарат, жарнамаларын БАҚта жая ма — ендеше бұлардың мәселесі жеке шаруасы емес — қоғамға, ұлтқа, мемлекетке аса қауіпті ортақ мәселе. Алапес, чума сияқты жұқпалы вирус. Алдымен бұлар "біз нормальный адамбыз, тіпті, біз сендерден жақсымыз" деген түсінікті таратып, сіңіреді. Сосын әртүрлі жолмен жастарды орталарына тартып, саналарын улайды, азғындықты қалыпты жағдай сияқты миларына сіңіреді... Жұқпалы ауру сияқты күннен-күнге көбейеді... Сосын право качатьтайды... Мемлекет үшін бұлар ковидтен де қауіпті, сақалиттерден де қатерлі...

Мына сайтқа үкімет дереу тоқтау салуы тиіс. Бұларды кімдер қаржыландырып отырғанын тиісті органдар тексерсін!

"АҚШ, Еуропа" деп тамсанамыз, алайда осындайларға қаржыны аямай құятын сол елдердің мыңжылдық мақсаты — Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның сорына тышу...

Бұлардың тайраңдауына осы бастан тыйым салмаса, кейін қазақтар садом и гамораға айналады...

Жиіркенішті... Құдай қарғасын бұларды... бұларсыз мәселе аз еді Қазақстанда... басымызға бұл да бір бәле боп жабысты ғой...

Достар, бөлісіңіздер, сайттың жабылуын талап етіңіздер!!!

Аида Балаеваның шын министр екені рас болса, мына сайтты дереу бұғаттасын!!! Ақпараттық қауіпсіздікке ең алдымен ақпарат министрі жауапты!", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.