Бос жұмыс орындарда 85 мыңнан 865 мың теңгеге дейін жалақы ұсынып отыр.
"Қазіргі таңда Абай облысында 3 975 бос жұмыс орны болса, оның 790 тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85 мың теңгеден 865 мың теңгеге дейін", — делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына үш мыңнан астам бос жұмыс орындары бар.
Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:
- Білім және тәрбие беру – 188;
- Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89;
- Өндіріс – 81;
- Медицина және фармацевтика – 51;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46;
- Көлік және логистика – 46;
- Энергетика – 46;
- HR және хатшылық – 32;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23;
- Сауда және қойма шаруашылығы – 21;
- Қызмет көрсету мен сервис– 21;
- Мәдениет және спорт – 19;
- Ауыл шаруашылығы – 16;
- Тамақтану – 14;
- Құрылыс және сәулет – 14;
- Құқықтану – 14.
Сурет: ашық дереккөздерден