Өңірлік полиция қызметкерлері азаматтарды интернет-алаяқтық жағдайларында жедел әрекет етуге шақырады
Құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде азаматтарға 11 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, бұл әрекет 60-тан астам факті бойынша жүзеге асырылды. Аталған мәліметтерге дропперлерден қайтарылған қаражаттар кірмейді.
"Уақытында хабарласу қаржы қаражаттарын табысты қайтаруда шешуші рөл атқарады. Жәбірленуші көмекке неғұрлым тезірек жүгінсе, заңсыз шығарылған қаражатты бұғаттау және оны иесіне қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", – деп атап өтті Абай облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан.
Азаматтарға кез келген алаяқтық немесе қате аударымдар туралы дереу жақын маңындағы полиция бөлімшесіне хабарласу ұсынылады. Жедел әрекет ету – мұндай жағдайлардың сәтті шешілуі мен шығынды барынша азайтудың кепілі.
Сурет: gov.kz