Семей қаласының тұрғынынан сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді

Семей қаласының тұрғынынан сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді

28.12.2023 03:30 Экономика

Тарихи құндылыққа жататын бағалы 4 алтын әшекей тәркіленді.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

"Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді", делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі