Тәртіп сақшылары құжаттарды тексерген кезде оның тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды.
" Такси " жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсу қаласының Камзин көшесінде полицейлер 45 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Toyota Camry маркалы автокөлік тоқтатылды.
"Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді", — дейді Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.
Мұндай жағдайда қылмыстық жаза қарастырылмаған, жеке тұлғаға 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
Сурет: ашық дереккөздерден