Балалардың жағдайы орташа ауыр.
"Балалардың жағдайы орташа ауыр. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында. Бұл балаларды қабылдау кезінде біздің медицина қызметкерлері ересектер тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын анықтады. Қабылдау бөлімінде балалар дер кезінде толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына хабарланды. Алған жарақатына қарай балаларға ота жасалды. Бүгінде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, балалар бақылауда", — деді Ажар Ғиният ОҚК-да өткен брифингте.
Сондай-ақ, оның айтуынша, балаларға психологиялық көмек көрсетіледі. Дәрігерлер жәбірленген балалардың қайсына қандай ота жасады деген сауалға министр жауап бермеді.
"Бұл науқастардың ресми деректері екенін ескере отырып, қандай операция болғанын айта алмаймын. Ағзаларына зақым келгендіктен, дәрігерлер тиісті операцияларды жасады", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, балалар алған жарақаттары мен жасалған операциялардың күрделілік дәрежесіне қарай оңалту курсынан өтеді.
"Емдеу курсы, оның ішінде оңалту көмегі әр жағдайда жеке анықталады", — деді ол.
Сурет: Freepik